Ескі ақшаны ауыстыру мерзімі ұзарды
2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімі ұзартылды.
Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты.
«Халықтан өтініш түскен соң, айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген» — дейді Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.
Олар Ұлттық Банктің филиалдарында тек жеке тұлғаларға ғана айырбасталады.
2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 2 а мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы кассасынан айырбастауға болады. Кассаның жұмыс тәртібі: сағат 9:00 бастап 14:00-ге дейін, үзіліс: 12:00 ден 13:00-ге дейін.
2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.
Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Арайлым Асылбекқызы,
«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы бөлім басшысының орынбасары
Коне тиынды кайда тапсыруга болады