Баннер 9 мая от газеты Атырау

Ержан Паразиаданың екі дүркін чемпионы атанды

FB IMG 15391813131871 Жаңалықтар

Паразиада ойындары өтіп жатқан  Индонезия астанасы Джакартадан күн сайын сүйінші хабар жетіп жатыр.  Жүзу спортынан ел намысын қорғаған атыраулық спортшы Ержан Сәлімгереев паразиаданың қос алтын медалін иеленіп, екі дүркін чемпион атанды.

FB_IMG_1539181313187(1)

Бұл додада ол алдымен S6 санатында сынға түсіп, 100 метрге еркін жүзуде алтын иеленген еді.  Одан соң 50 метрді бағындыруда да алдына жан салмай, екінші алтын медалін еншіледі. Енді  Ержан  Сәлімгереев тағы да  үш  қашықтықта бағын  сынайды.

Тағы бір атыраулық спортшы  Дмитрий Ли ел қоржынына екі күміс, екі қола медаль салды. Ол алдымен 100 метрді баттерфляй әдісімен жүзу барысында қола медалға қол жеткізді. Дәл осындай қашықтықты еркін әдіспен, ал,  200 метрді кешенді жүзуде күміс жүлдені иеленді.  Төртінші медаліне 50 метрлік қашықтықты бағындыру барысында ие болды.

Сондай-ақ, атыраулық  дзюдошы Дәулет Теміржанов 73 килода белдесіп, қола медальдың иегері атанды. Ал, волейболдан отырып ойнайтын  ел құрамасының 90 процентін құрайтын атыраулық спортшылар да дүбірлі доданың қола жүлдесін иеленіп отыр. Олар іріктеу кезеңінде Ирак, Мяньва және Индонезия командаларынан басым түскен еді. Тек жартылай финалда Қытай спортшыларынан ұтылды. Ал, қола жүлде үшін  Ирак командасымен өткен тартысты бәсекеде  3:0 есебімен жеңіске жетті.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз