
Жаңалықтар
Ертең Үкімет отырысы өтеді
Сәрсенбі, 8 қаңтар күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күн тәртібінде Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу шаралары талқыланады.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.