Көктемгі су басу қаупі бар аймақтар бойынша дайындық жұмыстары талқыланды

332360929 2372108219635949 2347575999762737982 n Жаңалықтар

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында көктемгі су тасқынының алдын алу туралы Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Жаңабаев баяндама жасады.

– 2023 жылы облыстағы су тасқынын болдырмау үшін жол картасы дайындалды. 2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою туралы жол картасына сәйкес іс-шаралар әзірленді. Қала, аудандардағы су тасқынына әзірлікті тексеру мақсатында арнайы топ құрылып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Баршаға мәлім, 2021-2022 жылдары Ноғайты өзенінің арнасы тереңдетілмеуінен Сағыз ауылын су басты. Соған сәйкес, Сағыз, Ноғайты өзендерінің арнасын тереңдету жұмыстарын жүргізіп, өзен арналарына арналған бөгет тұрғызуды қажет етеді. «Миялы-Атырау-Индер» тас жолында Миялы ауылынан шамамен 600 метр қашықтағы су өткізгіш тұрбасын орнату қажет,-деді Н.Жаңабаев.

Әкімдік отырысында Серік Шәпкенов су келу қаупі жоғары елдімекендерді бақылауда ұстауды тапсырды.

– Біздің су тасу қаупі бар деген аудандардың бірі – Қызылқоға. Сондықтан жан-жақты дайын болуымыз қажет. Өткен жылы осы ауданды су басқан кезде су басуы мүмкін орындарды көзбен көріп, анықтадық. Биыл су көп келеді деп күтілуде. Қай жерде қауіп бар екендігін анықтап, жағдайды бақылауда ұстау керек,-деді С.Шәпкенов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз