Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Ертең Атырауда алғаш рет велошеру біріншілігі өтеді

Atr.kz/23 тамыз, 2019 жыл. Спорттық жарысқа 11 және одан жоғары жастағы барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Іс-шараның мақсаты, балалар мен жасөспірімдер арасында велосипед спортын насихаттау, спортпен айналысуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру.

Жарыс «Нұрсая» ықшам ауданындағы, әуежай жолында орналасқан ҚазМұнайГаз жанармай бекетіннен бастау алады. Ұйымдастырушылар -Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Атырау облысында спортты қолдау және дамыту» қоғамдық қоры, Атырау облыстық велоспорт федерациясының және қалалық спорт бөлімі.

Жиналу таңғы 08:30-да, ресми ашылуы сағат 09:00-де өтеді. Бірінші болып қыздар бастайды, содан соң жарыс ұлдар арасында жалғасады. Жарысқа қатысушылар кез келген велосипед түрімен қатыса алады. Қатысушылар айналмалы жарыста біріншілік үшін күреседі, және 4 жас категорияларының әрқайсысы үшін-қыздар арасында 1999-2008 ж.т., ұлдар арасында — 2006-2008, 2003-2005, 2002 және одан үлкендер арасында белгілі бір келу уақыты қарастырылған.

Жарыс қорытындысы бойынша, бірінші, екінші және үшінші орындар үшін 3 жеңімпаз сыйлықтармен марапатталады. Жүлделерді қыздар мен ұлдар өздерінің жас санаты бойынша барлық жеңімпаздар сыйлықтарын алатын болады. Жарысқа қатысушылар сыйлықтармен, грамоталармен және медальдармен марапатталады. «Ең жас қатысушы» және «Ең жасы үлкен қатысушы» номинациялары бойынша тағы екі жеңімпаз бағалы сыйлықтарға ие болады.

Айта кетейік, жарысқа қатысу үшін жеке куәлік немесе туу туралы куәлік, сондай-ақ дәрігер-терапевтен денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы «Нұрсая» ы.а.48 мекен-жайындағы Велоорталыққа 23 тамыз сағат 18:00-ге дейін алып келуі тиіс. Қосымша ақпаратты 8 701 595 20 67 телефоны арқылы білуге болады.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button