Жарнама
Жаңалықтар

Ертең Атырау қаласының кей жерлерінде антитеррорлық шаралар өтеді

Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Атырау облыстық жедел штабы мәлімдеді, -деп хабарлайды atr.kz

«ҚР Терроризмге қарсы Орталығының бастамасымен Атырау қаласында 2021 жылдың 21 мамырда терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өткізіледі.

Оқу-жаттығудың мақсаты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының терроризм актілерінің жолын кесу, олардың зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі қызметке дайындығын тексеру», делінген таратылған ақпаратта.

Көрсетілген уақыт кезеңінде Атырау қаласының жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізіледі.

— Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауды сұраймыз, – деп ақпараттандырды облыстық жедел штаб өкілдері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button