ЕРТЕҢ: 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен көрікті орындарды қорғау күні
Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. Еліміздің тарихи-мәдени мұрасының ең құнды жәдігерлері тарихи ескерткіштер десек, өткен тарих қойнауынан сыр шертетін олар бүгінгі ұрпаққа көп мағлұмат беретіні сөзсіз.
Отанымыздағы ірілі-ұсақты ескерткіштерді қорғау, өзінен кейінгіге жеткізу – бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. Оны 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрікті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Кеңес ассамблеясы арнайы бекіткен болатын. Оның басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару.
Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Әлемнің 122 еліндегі 800-ге жуық тарихимәдени құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Қазақ даласында әлемді таңғалдыратын небір тарихи орындар мен ескерткіштер бар екені белгілі. 2003 жылы осы аталған тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-сәулеттік кешені, Алматыға таяу Таңбалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кірді. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.
Біздің туған өлкеміз Атырау өңірі де тарихи және мәдени ескерткіштер сырын бүгіп жатқан аймақтың бірі. Облысымызда бүгіндері 1250, яғни, оның 4 республикалық, 313 жергілікті дәрежедегі, 934 алдын-ала есепке алу тізімінде тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Елбасының бастамасымен қабылданған «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалары еліміздегі тарихи-мәдени мұралар мен киелі жерлерді жан-жақты зерделеуде үлкен бетбұрыс болды.
Бағдарлама аясында Атырау облысында тарих және мәдениет ескерткіштері мен киелі жерлерді зерттеу, сақтау және насихаттау ісі жүйелі түрде жүргізіліп келе жатыр. Бұл саладағы іс-шаралардың басты бағыты өлкенің тарихимәдени мұрасын насихаттауға бағытталып отыр. Осы орайда, мекеменің өткен жылдағы іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау өңіріндегі араб эпиграфикасымен жазылған құлпыстастарды арнайы оқу және зерттеу мақсатында Махамбет, Индер және Қызылқоға аудандарына ХІХ ғ. — ХХ ғ. бас кезіне жататын құлпытастар шоғырланған 29 қорымға зерттеулер жүргізілді.
Нәтижесінде 272 құлпытастағы араб қарпіндегі жазулар қазақ тіліне аударылды. Жинақталған материалдар араб эпиграфикасымен жазылған жазулардың қазақша-арабша аудармалары «Атырау қазақтарының эпиграфикалық ескерткіштері» атты сериялы кітап-альбомның IV томына енгізілетін болады. Бұл кітап-альбомның ІІІ томы өткен жылдың желтоқсан айында тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бас кезіне жататын қорымдардағы құлпытастар мен мазарларда (сағанатамдар) араб эпиграфикасымен жазылған жазулардың қазақша-арабша аудармалары 300 дана болып басып шығарылды.
Сонымен қатар Орталық мамандары Жылыой ауданындағы Жем өзені бойы, Ақкерегешың, Ақтолағай тауларынан бастау алып Сағыз өзені бойының аумағынан жаңадан тарихимәдени мұра объектілерін анықтау мақсатында далалық ғылыми-зерттеу экспедициясын ұйымдастырды. Экспедиция барысында тарихи-мәдени маңызы бар 20 объект белгілі болды. Сонымен бірге облыс аумағынан ерте темір дәуірінің ескерткіштерін (қорғандар) анықтау бағытында ғылымизерттеу жұмыстары Исатай ауданы аумағында жүргізілді.
Экспедиция барысында тарихи-мәдени маңызы бар 60 объект (қорған) анықталды. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын күшейту мақсатында Қ ұ р м а н ғ а з ы а у д а н ы аумағындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің 34 объектісіне қорғау тақталары орнатылды. « Р у х а н и ж а ң ғ ы р у » бағдарламасы аясында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің тапсырысымен Атырау облысының Нарын құмы аймағынан тарихимәдени маңызы бар сәулет, археология ескерткіштерін анықтау, зерттеу мақсатында к е ш е н д і э к с п е д и ц и я ұйымдастырылды.
Нарын құмы аумағына жүргізілген кешенді этноархеологиялық зерттеу жұмыстары нәтижесінде барлығы 73 тарихи-мәдени мұра нысаны анықталды. Анықталған нысандардың негізгі бөлігін тас пен қола дәуірлерінің және ерте темір дәуірінде мекен еткен ру-тайпалардың белгілі бір уақытқа тұрақтанған мекендері (тұрақтары) және ерте темір дәуірлік кургандар және ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіне жататын сәулет ескерткіштері болып есептелетін құлпытастар шоғырланған қорымдарды құрайды.
Бұл аймақта осындай тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің көптеп анықталуы, бұл жерлерде көнеден адамдардың мекен еткендігін дәлелдеп отыр. 2019 жылдың соңында Атырау қаласының ескі бөлігіндегі ғимараттарға тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарихимәдени сараптама жүргізілді. Нәтижесінде Атырау қаласының ескі бөлігінде орналасқан 17 ғимарат тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілді.
«Архив-2025» арнайы жобасына сәйкес Атырау өңірінің тарихы мен мәдениетіне қатысты архивтік-библиографиялық ізденістер жүргізу үшін Ресей Федерациясының Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларына археографиялық іссапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде Ресей мемлекеттік тарихи архивінен, Ресей ұлттық кітапханасы, Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архиві, Ресей Ғылым академиясы архиві, Ресей мемлекеттік кітапханасы қорынан өңірдің тарихы мен ескерткіштеріне қатысты көптеген архивтік деректер анықталды.
«Ұлы Даланың ежелгі өнері және технологиялар музейі» арнайы жобасы бойынша «Атырау облысы аумағындағы XVIII-XX ғғ. елді мекендер тақырыбында ғылыми-зерттеу» жұмыстары атқарылды. Аталған жұмыстар екі бағытта жүргізілді. Біріншісі, аталған елді мекендерді далалық зерттеуді қамтыса, екіншісі – олар жөнінде деректерді іздестіру мақсатында архивтікбилиографиялық ізденіс жұмыстарын жүргізу.
Осыған орай, бірінші бағытта аталған елді мекендердің аумағына барып, олардың қирандыларына аэрофототүсірілімдер жасалып, елді мекендердің сол кездегі қалған ғимараттарын зерттеу үшін мекеме мамандары Атырау облысының Құрманғазы, Исатай, Махамбет, Индер, Қызылқоға, Мақат, Жылыой аудандарына іссапарға шықты.
Ал, екінші бағыт бойынша Ресей Федерациясының О р ы н б о р , А с т р а х а н қалаларындағы орталық архив пен кітапханаларда отырып, ізденіс жұмыстарын атқарып келді. Нәтижесінде Н.Крупская атындағы Орынбор облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы қорынан, Астрахан облыстық мемлекеттік архивінің, Н.Крупская атындағы Астрахан облыстық ғылыми кітапхана қорынан құнды деректердің көшірмелері алынды.
Сонымен бірге, Алматы қаласындағы Мемлекеттік архив пен орталық кітапханада ізденіс жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар мекеме басшысы М.Кипиевтің жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан жоба. Жоба нәтижесі бойынша биылғы жылы «Атырау облысы аумағындағы XVIII-XX ғғ. елді мекендер» атты басылымды шығару жоспарланып отыр.
ҚР Тұңғыш Президенті, Е л б а с ы Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес облыс әкімдігінің қолдауымен елімізге танымал Ұлы тұлғалардың есімдерін мәңгі есте қалдыру мен оларды кейінгі ұрпаққа насихаттау бағытында 2019 жылы 7 еңселі ескерткіш бой көтерді. Олар, Атырау қаласынан күйші Қаршыға Ахмедияровқа, ақын Әбу Сәрсенбаевқа, Халық қаһарманы, ұшқыш Хиуаз Доспановаға, даңқты мұнайшы С.Өтебаевқа, ақын Х.Ерғалиевке Индер ауданының орталығы Индербор кентіне Мұрат Мөңкеұлының, Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылына Исатай Тайманұлының болмысбітімін бейнелейтін еңселі ескерткіштер орнатылды.
Бұл бағыттағы жұмыстарды осы жылы да жалғастыру жоспарда бар. Осы орайда, Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі Республикалық комиссиядан оң қорытындысын алған қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке биге, ақын Төлеген Айбергеновке, ғалым Халел Досмұхамедовке, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Ұлы ақынға арналған ескерткіштерді облыс орталығында, ал, атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткішін Құрманғазы ауданының орталығына, ғалым Халел Досмұхамедовтың ескерткішін Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылына орнату жоспарланып отыр.
Облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймағын анықтау, тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын күшейту мақсатында облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR код орнату мен тарих және мәдениет ескерткіштері мен киелі жерлер туралы интерактивтік картасын (электрондық карта) жасақтауды да жоспарлап отыр.
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері – Таскран шекаралық белгісіне реставрациялық жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, қаржы көзі шешілген жағдайда еліміздегі 2-ші «Алтын адам» табылған, Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген Аралтөбе қорғанына реставрациялық, консервациялық және абаттандыру, қала аумағында орналасқан «Ақтөбе-Лаэти» қалашығының аумағына қоршау жұмыстарын жүргізу жоспарда бар.
Сондай-ақ, облыс аумағынан жаңадан тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау мақсатында экспедиция мен Сарайшық қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай облыстағы Ұлы Отан соғысынан оралмағандар мен батырларына арналған монументтер мен ескерткіштерден тұратын «Ерлікке тағзым» кітап-альбомы баспада дайындалуда.
Толыбай ДОСТЫБАЕВ,
Атырау облысы тарихимәдени мұраны зерттеу орталығы басшысының орынбасары