Жарнама
Жаңалықтар

ЕРТЕҢ – САЙЛАУ!

 

Сайлауды ұйымдастыруға республика бойынша 13 399 сайлау комиссиясы құрылды. Оның ішінде Атырау облысы  аумағында  234  сайлау  учаскесі болса, Атырау қаласының өзінде осындай 90 учаске жасақталған. «Олардың барлығы тиісті дайындық пен оқытудан өтті. Электораттық науқан кезеңінде аумақтық сайлау комиссиялары сайлауды ұйымдастырушыларды құқықтық оқыту жөнінде 900-ге жуық семинар, кеңес, тренинг және өзге де іс-шаралар өткізді. Орталық сайлау комиссиясы үш республикалық семинар – сайлауды ұйымдастырушылар үшін, БАҚ өкілдері үшін және сайлауға қатысатын саяси партиялар үшін ұйымдастырды», — дейді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов.

Айта кеткен жөн, Қазақстандағы сайлауды 964 шетелдік байқаушы қадағалайды. Оның ішінде Еуропа, ТМД елдері мен халықаралық ұйымдар мүшелері, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де бар.

Сайлау – саяси, экономикалық, әлеуметтік бағыттағы жаңарудың бастауы. Сондықтан, баршаңызды саяси науқанға белсенділікпен қатысуға шақырамыз.

Өз  тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button