
Жаңалықтар
Ерлан Оразбай ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды
Atr.kz/26 желтоқсан, 2019 жыл. Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз — қызметі.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.