«ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ-2030» – 25 ЖЫЛ: ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫ: «Мен елім үшін не істей аламын?»
Аtr.kz/1 маусым, 2020 жыл. Бүгін «мемлекет маған не берер екен?» деп емес, «мен елім үшін не істей аламын?» деген сауалға жауап іздейтін күн туды.
Бұрынғыдай арқаны кеңге салып, үлесін Үкіметтен алып жүргендер де енді сын сағаттан сабақ алып жатыр. Осы орайда, «42500 теңгені қалай аламын?» деп қыр аспай, үйде отырып-ақ ерікті түрде қолдан маска тігіп, болмаса, тауар жеткізумен айналысып жүргендер қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. Бүгінде мұнайлы мекенде осындай жанашыр жандар 2000-ға жуықтаса, ресми еріктілер ұйымы елуден асты.
Биыл Еріктілер жылы деп жарияланғанын айтпағанда, айтып келмеген ауру белең алған тұста ерікті азаматтар қоғам алдында айрықша маңызға ие болды. Біз бұған дейін еріктілер тек балалар мен қарттар үйлеріне барып, өнер көрсетіп, сыйлық үлестіріп, тазалық жұмыстарымен ғана айналысады деп білуші едік. Бүгінде біз оларды мүлде басқа қырларынан танып, батыл бастамаларына куә болып жүрміз. Сөйтіп, кешегі волонтер бүгінде жеті қырлы, бір сырлы нағыз майталман маманға айналды. Өйткені, олар қазір дәрігер, мұғалім, тігінші, аспаз, көлік жүргізушісі, есепші, тазалықшы, дезинфекционист, заңгер, құқық қорғаушымен бір қатарда еңбек етіп жүр десе де болады. Осылайша, жаһанды жайлаған жұқпалы дерт еріктілердің екінші тынысын ашты. Өз кезегінде олар да мемлекет ұсынған мол мүмкіндіктің тиімді тұстарын тапты.
Мәселен, бүгінде арамызда ресми тіркелмесе де, мұқтаждарға қолдан келгенше көмектесіп жүрген жастар бар. Олар өздерінің аты-жөндерін атап көрсеткісі де келмейді. Айтуларынша, жақсылықты жар салмай жасаған жөн. Десек те, халық өз қаһармандарын білуге тиіс. Біздер, журналистер, осы қағиданы ұстанамыз ғой. Сондықтан, атыраулық еріктілер туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, Әйгерім Досқалиеваның есімі аталатыны анық. Ол енді облыстық ішкі саясат басқармасындағы «Азаматтық орталықтың» басшысы болып қызмет атқаруда. Оның «Жүректен – жүрекке» атты қайырымдылық қозғалысы жайында білмейтін жан жоқ шығар, сірә. Міне, қазір де қиын шақта қол ұшын бергісі келетін жандар содан сабақ алып жүр десе болады. Еріктілердің өздері жергілікті басқармалармен немесе азаматтық орталықтармен о сы Әй г е р ім а р қылы байланысқа шығатынын айтып жатады.
Солардың бірі атыраулық дизайнер Асыл Дүзбаева алғаш рет ұлттық оюмен өрнектеп медициналық маска тіге бастаған болатын. Оның бұл бастамасын бүгінде атыраулық іскер аналар жалғады. «Іскер ана» жобасы бойынша тегін білім алған мың шақты адам үйде маска тігіп, коронавируспен күреске өз үлестерін қосуда. Сөйтіп, қалтасында қаражаты жоқ әлеуметтік әлсіз топтар тегін қорғаныс құралдарымен қамтылып отыр. Мұндай маскалар бірнеше қабаттан жасалған және арнайы тазарту үрдісінен өтіп үтіктелген. Бұл мыңдаған мысалдың тек бірі ғана.
Ал, Жанар Нұрлыбек секілді еріктілер жалғызбасты қарияларға тегін тамақ таратуды қолға алды. Ізгілікті іске Атыраудағы орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған «Ықыласты бауырлар» қайырымдылық орталық өкілдері де үлес қосты. Олар төтенше жағдайға байланысты қала қақпасын күзетіп тұрған полиция қызметкерлері мен әскерилерге ыстық тағамдар мен сусындар жеткізді. Кіріп-шығу бекеттерін тәулік бойы тынбай күзетіп тұрған олардың еңбегі де, ерлігі де қандайма қолдауға лайық.
«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бірлесіп жақсылық жасауға шақырды. Елордадан бастау алған «Қайырымдылық керуені» жобасы қазыналы өңірде де қолдау тапты. Біз осылайша ел тыныштығын күзетіп тұрған азаматтармен бірге екенімізді көрсеткіміз келді» дейді еріктілер.
Сол секілді, Исатай ауданында құрылған «Мейірім» еріктілер тобы да әлеуметтік желіде көптің көзіне түсіп жүр. Олар тысқа шығатын мүмкіндігі жоқ алыс ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, керек-жарағын жеткізіп жатыр. Міне, жан жадыратар жақсылық деп осыны айтыңыз. Осы орайда, сақтық шаралары да сырт қалмайды. В о л о н т е р л а р м ұ қ т а ж жандардың үйіне барғанда қол алыспайды, әкелген заттарын есік алдына қойып кетеді.
Тіпті, еріктілердің арасында «Ютуб» желісінен қазақша канал ашып, тегін сабақ беріп жүрген мұғалімдер де бар. Солардың бірі – Құрманғазы а у д а н ы н ы ң т ұ р ғ ы н ы Э л ь вира Сатылғанова физика мен математика пәндерінен дәріс беруді қолға алыпты. «Облыста бұған дейін де мектептегі сабақ пен репетиторлық қызметті қатар алып келе жатқан гипербелсенді ұстаздар өте көп. Солар ғаламтордан тегін дәріс беретін болса, қандай тамаша болар еді! Алдымен, қиын кезеңде жас ұрпақтың білімсіз қалмауына септігін тигізеді. Әрі, өздері де төрт қабырғаға қамалып отырғанша, тәжірибелерін толықтыра түседі» дейді ол. Расымен де, құптауға тұрарлық бастама.
Жас ұрпақ демекші, өңірдегі жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыровтың айтуынша, жергілікті «Біз біргеміз!» штабындағы еріктілер қатары екі жүзге жуықтап келеді. Демек, мұқтаждарға тегін қызмет көрсетіп, азық-түлік таратып жүргендер күн сайын көбейіп жатыр деген сөз. Осы қатарда «нұротандық» және «жасотандық» бастамашыл топтардың да ізгі істерін атап өту керек. Олар атыраулық аз қамтылған отбасыларға арнап қор ашты.
– Бүгінде қолға алынып жатқан белсенді бастамалар көп. Біз соларға шағын және орта бизнес өкілдерін тартқымыз келеді. Оларға арнайы ескертпелер таратып, ақпараттандырып та жүрміз. Егер көмекке зәру немесе сондай адамдарға қол ұшын бергісі келетін жандар болса, аталған штабтың 50-84-30 және 8778-512-35-53 телефон нөмірі арқылы байланысып, ерікті жандар тізімін толықтыруға ша қыр а мыз . Ал , в о лонтерлар жалғызбасты қарттар, көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті затын тегін жеткізіп беруге әзір, — дейді ол.
Естеріңізде болса, былтыр бастау алған «Жас проджект» жобасы бойынша 257 жоба қайтарымсыз қаржылай қолдауға ие болған еді ғой. Соның нәтижесінде, жұмысын жалғастырған 16 жас кәсіпкер (екеуі облыс орталығында, қалғаны аудандарда) еріктілердің көмегімен қайырымдылық акциялар өткізіп жатыр. Олардың ішінде дезинфекциялау жұмыстарына жәрдемдесіп жатқандары да жетерлік.
Жалпы, бүгінгі еріктілердің тағы бір қасиеті, олар өте сауатты және жан-жақты. Көмек сұраушылар шын мәнінде мұқтаж ба, жоқ па – алдымен соның анық- қанығына көз жеткізіп алады. Сол үшін де олар облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен үздіксіз байланысып отыр.
С о н ы м е н , в о л о н т е р болу қаншалықты қиын? Біз бұл сұрақты олардың өздеріне қойып, сауалнама жүргізген едік. Сөйтсек, көмек көрсеткендердің көп бөлігін қарапайым тұрғындар құрайды екен. Мәселен, «инстаграм», «фейсбук» секілді ауқымды әлеуметтік ж е л і қ о л д а н у ш ы л а р ы қайырымдылық акция жарияланған постты көргенде, оны айналып кете алмайды. Артық ақшасы болып жатса, дереу аударуға асығады. Сөйтіп, солардың бір бөлігі еріктілер қатарына қалай қосылып шыға келгенін де сезбей қалады. Бұл да болса, халқымыздың кең жүректі, ізгі ниетті қасиетін аңғартса керек.
Тіпті, қайырымдылық акцияларын ұйымдастырушы Жанар Ғилымованың сөзіне сенсек, жұртшылықтан бір күнде бір миллион теңге жиналып қалған сәттер де болыпты. «Бірақ, бұның да үлесі қазіргідей қиын тұста теңізге тамған тамшыдай ғой. Айталық, ішінде ұн, секер, макарон, жұмыртқа, май, сүт, шай, көкөніс, жеміс-жидек, кір жуғыш ұнтақ, сабын, маскасы бар бір ғана азық- түлік себетін алып қарайтын болсақ, оның өзі 20 мың теңгеге шығып кетуі әбден мүмкін. Ал, оны қаншама адамға үлестіресіз? Өзіңіз санай беріңіз» дейді ол.
Шынымен де, жақсылық жасаудан жарысып жүрген жандар қалтасындағы соңғы қаржысын да құрбан қылып жатады емес пе? Соған қарағанда, «волонтер» ұғымының ауқымы кең, мәні әріде жатыр. Бұл қатарға үйдің ішінде жүріп үлкен іске үлескер болып отырған жандарды да жатқызу керек сияқты.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ