Жарнама
Жаңалықтар

Ерекше балаларға арналған «Айна-Like» бөлімшесі ашылды

 Бүгін №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар үшін «Айна-Like» күндізгі жартылай стационар бөлімшесі ашылды.

c33338cb d944 4d60 8c02 52579c407806

Ментальды бұзушылығы, аутист спектрі бар балаларға арналған бөлімшенің ашылуына облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, орталықтың жұмысымен танысты.

​– Мемлекет тарапынан ерекше балаларға қамқорлық танытып, күтім жасау міндет етіледі. Қазан айы – қайырымдылық айы. Жергілікті кәсіпкерлер, компаниялар әкімдікпен бірлесіп осы секілді бірнеше орталықтың ашылуына ұйытқы болып келеді. Соның айғағы «Дара» қоғамдық қоры коррекция кабинетін, «Сәби» қайырымдылық қоры шұғыл балалар хирургиясын ашуға септесті. Аутизммен шалдыққан адамдардың он екі мүшесі сау болғанымен, өзінің бөлек әлемінде жүреді. Бұл орталық сондай балалардың қоғамға бейімделіп, сіңісуге арналып отыр. Бөлімшенің ашылуына еліміздегі үш ірі компания атсалысты. Компанияларға ерекше алғысымызды білдіреміз. Біздің басты байлығымыз – балаларымыз. Сондықтан олардың ауырмай өсіп-жетілуіне жағдай жасауымыз керек. Ол үшін орталыққа артылар жұмыс ерекше болады. Балаларды өз ортамызға қоса алсақ, олардың арасынан мықты суретші, өнерлі де ғалым азаматтар тәрбиеленіп шығуы бек мүмкін. Орталықтың алдағы жұмыстарына жеміс тілеймін. Өздеріңіз тәрбиелеп жатқан балаларыңыз биік нәтиже көрсетіп, сіздердің мақтаныштарыңызға айналуына тілектеспін, — деді облыс әкімі.

fa301ac1 8c65 4ceb b211 7314bd95b542

​Мүгедектігі бар балаларды түзетіп-дамытып, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеуге бағытталған бөлімшеде 4 дефектолог, 1 логопед, 1 эрготерапевт, 1 емдік дене шынықтыру маманы, 1 тәрбиеші, 1 реабилитолог мамандар балаларға педагогикалық-медициналық-психологиялық көмек түрлерін көрсетеді.

4e4c30b2 6e20 4d36 9fdf beed568747cc

​Жартылай стационар бөлімшесі психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін демеушілер көмегімен заманауи техникалық құрал жабдықтармен жасақталған.

​Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мәліметіне сәйкес, облыс бойынша 203 аутизм және басқа да ментальді бұзушылықтары бар балалар тіркелген. Орталық директоры Анар Қаюпованың айтуынша, Атырау қаласы уақытша 60 баланы күніне екі кезеңнен қамту жоспарланып отыр. Алдағы уақытта бала саны көбейген жағдайда мамандармен толықтырылады.

​Жеке оңалту бағдарламасы арқылы қабылданатын балаларға ABA терапиясы бойынша біліктіліктерін арттырып, арнайы курстардан өткен мамандар қызмет көрсетеді.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button