Жарнама
Жаңалықтар

Еңсеміз әркез биік!

«Атырау» газеті бүгін 101 жасқа толды. Ұжымдастарды, газет ардагерлері мен бұрынғы қызметкерлерін «Ерік», қазіргі «Атырау» газетінің №1 саны шыққан күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Майталман журналистер, мықты мамандарды дайындап өсірген «Атырау» әрқашан қоғам өміріндегі белсенділігін әлсіреткен емес. Қаншама қиын тағдырлар, сүйініш пен күйініш, бейнет пен зейнет, өмірдің басқа да реалиінен «Атырау» бой тартқан жоқ. Өзінің салмақты көзқарасы, сабырлы ұстанымымен облыс пен елдегі түрлі мәселелерге өзіндік көзқарасын білдіріп келеді, келешекте де осы жұмыс жалғаса береріне сенім кәміл.


Өткен жылы 100 жыл толған газеттің ғасыр тойын өте жоғары деңгейде атап өткен редакция ұжымы өз бастамасымен, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы және «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің қолдауымен редакцияда әр жылдары еңбек еткен қызметкерлері мен газеттің бұрынғы Бас редакторларының (барлығы да марқұмдар) есімдерін тарихта мәңгі қалдыру мақсатында зор еңбектерді жүзеге асырды, Атырау қаласы, Құрманғазы, Жылыой аудандарында көшелерге атау беріліп, тұрған үйлеріне мемориалдық тақталар орнатылды. Редакцияның бұрынғы ғимаратында да ескерткіш тақта ілінді. Академиялық драма театрында тамаша салтанат өтті. Мемлекеттік кеңесші мен Үкімет басшысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері арнайы құттықтады. Демек елдің батыс қақпасындағы «Атыраудың» абыройы асқақ, мерейі үстем, оған деген құрмет жоғары. Ұжым осылай түсінді.


Қажырлы еңбек, алғаусыз көңіл, тынымсыз әрекет ету арқылы Отанның гүлденуі, отандастардың тұрмысының жақсаруы, елдің өркениетке қадам басуы жолында «Атыраулықтар» атқарар зор міндет, мақсатты жұмыстар көп. Соларды Қазақстан халқымен бірге абыроймен атқара беруге «Атырау» әрқашан әзір.
Мерейлі күн құтты болсын, құрметті «Атырау»!


Назарбек ҚОСШИЕВ,
Бас редактор,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button