Энергетика министрі халық алдында есеп береді

ed898170c442d3fdb84e4b9e7a3 Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 1 маусымында Энергетика министрі Қ.А.Бозымбаев өңірлерде бейнеконференция байланысын қамтамасыз ету арқылы халық алдындағы есеп беру кездесуін өткізетіндігін хабарлаймыз. Кездесу барысында Энергетика министрі министрліктің қызметі туралы баяндайды және сұрақтарға жауап береді.

ed898170c442d3fdb84e4b9e7a3

Есеп беру кездесуі 2017 жылғы 1 маусымда сағат 11.00-де мына мекен-жай бойынша өтеді: Астана қ., Д.Қонаев даңғылы, 4. «Қазмедиа орталығы» ғимараты, киноконцерт залы.

Сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда мына телефон нөмірлері 8(7172) 786862, 786884 бойынша хабарласуды немесе оларды zh.baktygali@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz электрондық мекен-жайларына жіберуді сұраймыз.

Сонымен қатар, проблемалық мәселелерді Энергетика министрлігінің сайтында жұмыс істейтін «Энергетика министрінің халық алдында есептік кездесуі форумында» талқылауға болатындығын хабарлаймыз: http://www.energo.gov.kz.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз