Енді студенттер жатақханаға «Е-gov» арқылы орналаса алады
Студенттер енді әлеуметтік желідегі «Е-gov» парақшасына кіріп, қалаған жатақханаға орналаса алады. Өйткені, мұндағы орындарды бөлу мәселесі мемлекеттік қызметке енгізілген.
Айта кеткен жөн, мұндай бастама Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көтерілген болатын. Осылайша, әр жоғары оқу орны жатақханалар жөнінде қажетті ақпаратты таратып отырады. Мұны еліміздің Білім және ғылым министрлігі тікелей өз бақылауына алған.
«Ережеге сәйкес, жатақхана орны алдымен мемлекеттік грант иегерлері мен әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелеріне беріледі. Студенттер өз өтінішін «Электронды үкімет» порталы арқылы бере алады, тек тиісті құжаттар болуы керек»,-дейді жоғары оқу орны және одан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ