Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

ochsjo4u Жаңалықтар

2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 миллион 295 мың зейнеткер тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалпы зейнетақының орташа мөлшері 108 761 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 74 950 теңге, базалық зейнетақы – 33 811 теңге.

1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 68 223 теңгеден (2022 жылы) 77 417 теңгеге дейін ұлғайтылды.

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сай 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынған сомадан 10,5% ұлғайтылды.

Ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қолданылатын ең жоғары табыс мөлшері де 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң ұлғаюына, сонымен қатар ең төменгi мөлшерiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54%-дан 60%-ға ұлғайтуына байланысты ұлғайтылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз