Енді қазақстандықтар алты қалаға 9 000 теңгенің билеттерімен ұша алады
2022 жылы Қазақстанның алты елді мекеніне, соның ішінде курорттық бағыттар бойынша субсидияланған рейстерді орындайтын әуе компаниялары анықталды, деп хабарлайды. Бұл жайында азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.
Тасымалдаушылар болып SCAT, Qazaq Air және «Оңтүстік аспаны» авиакомпаниялары тағайындалды.
«2022 жылы Республикалық бюджеттен субсидияланатын 23 әуе бағыты бойынша конкурс өткізілді, оның ішінде Түркістан қаласына 10 әуе бағыты, Көкшетау және Петропавл қалаларына 3 әуе бағыты, Балқаш, Үржар және Үшарал қалаларына екі әуе бағыты кіреді», — делінген мәлімдемеде.
Субсидияланатын авиамаршруттар коммерциялық пайдалану үшін кіріс деңгейін қамтамасыз етпейді, оның орнына өңірді дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар әуе бағыттарына тұрақты ұшуларды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
SCAT, Qazaq Air және «Оңтүстік аспаны» әуе компаниялары 2022 жылы осы әуе бағыттарында рейстерді орындайтын тасымалдаушылар болып белгіленді.
Әуе билеттерінің құны 9 бен 25 мың теңге аралығында болады.
Stan.kz