Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері желіде тараған ақпараттарды жоққа шығарды

1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz / 18 шілде, 2020 жыл. Облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабыловтың сөзінше, вахталық қалашықтарда инфекциялық жағдайдың ушығып тұрғаны – жалған мәлімет.

«Ауысыммен жұмыс жасап жатқан мұнайшылардың жағдайы – бірқалыпты тұрақты. Сондықтан фейк-ақпараттарға сенбеуге шақырамын. Ондағы ауру жұқтыру көрсеткіші 40 пайыздан аспайды» деді спикер.

Сондай-ақ, спикерлер КВИ-дің балалар арасында өршіп тұрғаны да нақты ақпарат емес екенін қаперге берді. Атырауда ресми мәлімет бойынша бүгінде 12 баланың шетінегені белгілі болып отыр. Анық-қанығын республикалық арнайы комиссия мұқият зерделеп, жариялайтын болады.

«Atr-Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз