Жарнама
Жаңалықтар

Енді пойыз 1 сағаттан артық кешіксе, билет бағасы толық қайтарылады

Енді пойыз 1 сағаттан артық кешіксе, билеттегі орын бос болмаса, жол ақысы комиссиясыз толық қайтарылады. Көлік министрлігінің тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді, — деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен қатар теміржол билеттері пойыз жүргеннен бұрын 10 минутқа дейін ғана сатылады.

Бұрын бұл талап 1 тәулік болатын. Балалармен сапарлайтын ата-аналарға да құлақ қағыс: бұдан бұлай 7 жасқа дейінгі балаға билет алу міндетті емес.

Ал орын қажет болса, билетті жеңілдікпен алуға болады. 7–15 жас аралығындағы балаларға 50% жеңілдік қарастырылған.

Бұдан бөлек, 15-ке толмаған бала сенімхатсыз пойызға отырғызылмайды, — деп жазады qazaqstan.tv.

Егер заңды өкілі бірге жүрсе, сенімхат талап етілмейді. Өзгерістер 22 сәуірден бастап күшіне енеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button