ШЫҒЫС-ПРУССИЯ ОПЕРАЦИЯСЫ

Жаңалықтар

 

Түс  қайта 2-гвардиялық армияшылар майдан шебінен он бес шақырымға алға жылжыды, ал 43-армия жауынгерлері он шақырымдай жерді жаудан тазартты. Біздің армияның тегеурінді, әрі үсті-үстіне екпіндете жасаған шабуылдарынан жау жағы бас көтере алмады.

2-гвардиялық армия әскерлері фашист жендеттерінің тыл жағынан қарсы шабуылдау жөніндегі әрекетіне біздің армия бөлімшелері мықты қарсылық көрсетті. Өз бөлімдерінің бөлшектеніп кетуінен қорыққан жау әскері 14 сәуірде оңтүстік-батыс бағытқа шегінді.

Кеңес Одағының маршалы Георгий Жуковтың бұйрығы бойынша, 1-Украин майданы әскерлері немістер шебіне шабуылдау тәсілімен барлау жүргізді.

 Совинформбюроның 14 сәуірде таратқан хабарламасы бойынша, Земланд түбегінде 3-Белоруссия майданының жауынгерлері Кенигсберг қаласының солтүстік – батысы мен батыс бөлігіндегі 60-тан астам елді мекенді жаудан тазартты.

Чехословакия жерінің шығыс және оңтүстік аумағында, Годорин қаласы маңында 2-Украин әскерлері шабуылды өршіте отырып, Мазур, Кужелов сынды елді мекендерді жаудан азат етті. Венаның солтүстік-шығысындағы әскерлеріміз  Хохенау, Гросс Инцерсдорф, ал, Венаның батысында 3-Украин майданының әскерлері шабуылдата отырып, Трайзен өзенінен өтіп, Герцогенбург қаласын азат етті.

Дайындаған Бақытжан ЖҰМАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған