Жолаушы тасымалы: қанша автобус керек?

65964423 845441829171635 7113157739932549120 n Жаңалықтар

Atr.kz/2 тамыз, 2019 жыл. Атырау қаласында 30 бағытта қатынайтын 200-ге жуық автобус бар. Сұранысты толықтай қамтамасыз ету үшін әлі де 350 автобус қажет.

Бүгінгі таңда бұл қызметпен «АйсТрансХолдинг»» «Аtyrau-Avtopark», «Akzhayik-Avtopark», «Ануарбек-Транс», «Данияр и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестері мен «Автомобиль», «Баймұханов С.М.», «Бисембаев», «ҚуанСен» жеке кәсіпкерліктері айналысады. «Атырау қаласында қоғамдық көлік кешенін дамытудың 20172022 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қала әкімдігі мен «Атырау» әлеуметтіккәсіпкерлік корпорациясы арасында жасалынған меморандумға сәйкес «DaewooBusKazahstan» ЖШС-нен 91 жаңа автобус сатып алынды. Ал, «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының қаржылай демеушілігімен қаламыздағы автобус паркі «ANKAI» маркалы жаңа тасымал көліктерімен толықты.

– Өткен жылғы желтоқсанда қалаішілік және қала маңы бағыттарында жолаушы тасымалын қамтамасыз ету мақсатында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі конкурс жариялаған болатын. Соған сәйкес, 19 лот бойынша өткізілген конкурс қорытындысымен №№2, 4, 5, 8, 12, 14, 30, 30а, 55, 62, 64 және 65 маршруттарында қызмет көрсететін мердігер мекемелер анықталды. Ал, биылғы маусым айында өткен тендердің нәтижесінде қалған бағыттардың жеңімпаздары нақтыланды, – дейді «Смарт ЖКХ» ЖШС-нің директоры Әділбек Таңқиев.

Оның айтуынша, автобус паркін жаңартумен бірге қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесін енгізу жүргізілуде. Қазір 22 бағытта қатынайтын автобустарда осы жүйе орнатылыпты. Тамыз айының соңына дейін бұл жұмысты толықтай аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, көліктердің жүру уақыты мен қозғалыс кестесін бақылап отыруға мүмкіндік беретін «GPS – трекер» құрылғысының 170 данасы №№2, 4, 12, 14, 30, 52, 53, 54, 55, 58 және 59 маршруттарындағы автобустарға қондырылды. Жаңа жүйенің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін мердігер мекеме алдағы уақытта өткізілетін тендерде анықталады.

Д.ЛАТИФҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз