Енді еGov неке қиылған күннің мерейлі датасын еске салады
«Сізді некеңіздің алдағы мерейтойымен құттықтаймыз!» Мұндай құттықтау хабарламасы eGov Mobile қосымшасындағы push хабарламалары арқылы жіберіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Бүгінгі таңда «Invisible Government» тұжырымдамасы аясында мемлекет азаматқа әртүрлі өмірлік жағдайларда өздігінен көмектеседі, қызметті өз бетінше ұсынады, оның қажеттіліктерін жабады. Қазақстандықтарға олардың өмірінің маңызды күндерін еске түсіру үшін eGov Mobile қосымшасында push хабарламаларын іске қостық. Сондай-ақ, олардың көмегімен құжат мерзімінің аяқталғанын алдын ала еске саламыз. Сонымен қатар, азаматтар белгілі бір мемлекеттік қызметтерді немесе проактивті қызметтер туралы хабарламаларды алу бойынша ұсыныстар алады», — дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
еGov Mobile қосымшасындағы push хабарламалар қазақстандықтарға неке қиылған күннің мерейлі датасынан 3 күн бұрын жіберіледі.
Сондай-ақ, пайдаланушының жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталғаны туралы да еске салады (мерзімінен 30, 15 және 5 күн бұрын) және туған күнмен құттықтайды.
Хабарламаларда мәтіннен басқа, азаматтар тиісті қызметті немесе сервисті ашып, құжатқа қол қоя алатын түймелер бар.