Жарнама
Жаңалықтар

Енді Біріккен Араб Әмірлігіне визасыз кіре аламыз

Қазақстандықтар бүгіннен бастап БАӘ-ге визасыз кіре алады.

рн

2018 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісім қолданысқа енгізіледі. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағына кіру кезіндегі талаптар туралы хабарлады.

1. 2018 жылғы 10 наурыздан бастап Қазақстан азаматтары визасыз негізде халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пункттері арқылы Біріккен Араб Әмірліктері аумағына визасыз кіруге және одан шығуға, оны кесіп өтуге және онда 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде болуға құқылы.

2. Әлемдегі барлық әуежайлардағы тәжірибедегідей, Біріккен Араб Әмірліктеріне кіру кезінде Қазақстан азаматтары өз төлқұжаттарын көрсетулері тиіс, одан соң олардың деректері электрондық жүйеге енгізіліп, паспорт парағына мөр басылады;

3. 2017 жылғы 23 мамырда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы визасыз сапарлар туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға сәйкес, паспорт жарамдылығының аяқталу мерзімі 6 айдан кем болмауы тиіс, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) талаптарына сай болуы керек;

4. Әрбір Қазақстан азаматының, соның ішінде кәмелетке толмағандардың да жеке өз паспорттары болуы тиіс. Сәбилер ата-аналарының бірінің паспортына жазылмауы тиісті;

5. Қазақстан Республикасының азаматтары өз паспорттарының қолданыс мерзімдерін анық білуге, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері заңдарры мен онда болу ережелерін сақтауы тиіс;

6. Біріккен Араб Әмірліктеріне халықаралық іздеуде жүргендерден басқа барлық Қазақстан азаматтарына визасыз кіруге рұқсат етіледі және олардың БАӘ-ге дейін қандай елдерде болғаны есепке алынбайды;

7. Кәмелетке толған, заң жүзінде өз басына жауап бере алатын Қазақстан Республикасының әйел азаматтарына Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағына ер адамның ертіп жүруінсіз кіруіне рұқсат етіледі;

8. Біріккен Араб Әмірліктері аумағында қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтауға байланысты кәмелетке толмаған балаларды ата-аналарының ертіп жүруі тиіс. Ал егер, кәмелетке толмаған бала ата-анасыз сапар шегетін болса, онда баланың ата-анасы немесе сенімді өкілі шығуға арнап келісім берген әрі ережеге сәйкес (Астанадағы БАӘ Елшілігінде, немесе шет елдердегі Біріккен Араб Әмірліктерінің кез-келген дипломатиялық өкілдіктерінде) заңдастырылған сенімхат ұсынылуы тиіс;

9. Біріккен Араб Әмірліктері заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, визасыз тәртіппен барғандарға келіссөздер мен кездесулер өткізуге болады;

10. Визасыз тәртіп бойынша барған Қазақстан Республикасының азаматтарына Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында жұмысқа тұруға болмайды;

11. Біріккен Араб Әмірліктерінің заңнамаларына сәйкес, визасыз болу тәртібінің мерзімін бұзған азаматтарға қатысты қаржылай айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза көзделген;

12. Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағына сапар шегуді ниет еткендер қосымша ақпаратты БАӘ Ішкі істер министрлігінің ресми сайтынан, немесе Emirates пен Etihad әуекомпаниялары сияқты ресми тасымалдаушылардан алуларына болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button