Жарнама
ЖаңалықтарСаясатЭкономикаҚоғам

«Еңбек» бағдарламасы бойынша он мыңнан астам атыраулық жұмыс тапты

Atr.kz/31 қазан, 2019 жыл. Атырау облысында 17 мың 64 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысты.

12 мың 730 адам жұмысқа орналастырылса, оның 7 мың 555-і немесе 59% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

«Атырау облысында 1543 адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында қамтылған. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді», — делінген хабарламада.

Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту болып табылады. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын, сондай-ақ бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі.

Сондай-ақ, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі.

Атырау облысында микрокредитпен 202 адам қамтылды. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды Мемлекеттік бағдарламаның 34 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейін – 106 адам алды (жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар).

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Атырау облысында 7 мың 236 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 415-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 мың 149-ы жастар практикасына және 5 мың 672 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Дереккөз: enbek.gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button