Жарнама
ЖаңалықтарСаясатФОТОГАЛЕРЕЯ

«Еңбегім еліме» төсбелгісі табысталды

Atr.kz/30 қазан, 2020 жыл. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» Атырау облыстық филиалының ХVI конференциясы өтті.

Оған аталған партияның өңірдегі 4600 мүшесі атынан сайланған 20 делегаттың 15-і қатысты. Жиында облыстық мәслихат депутаттары, партия белсенділері, партияның облыстық филиалы Саяси Кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары сөз алып, алдағы міндеттерді белгіледі. Партия филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов, саяси жетекшісі Әбілхан Төлеуішов, облыстық саяси кеңес мүшелері Серік Ерубаев, Бауыржан Әжіғалиев, аппарат жетекшісі Айсұлу Қондыбаева және басқалары баяндама жасады.

Сонымен бірге, Саяси кеңес мүшелерімен филиал бойынша жергілікті мәслихаттар депутаттығына үміткер 27 адам іріктелді. Сөйтіп, облыстық мәслихатқа 4, қалалық мәслихатқа 12 және аудандық мәслихатқа 11 адамның кандидатурасы дауысқа салынып, қолдау тапты. Бұл тізім Орталық аппаратта партия төрағасы Азат Перуашевпен бекітіледі.  

Жиын соңында партия құрамына жаңадан қабылданған азаматтарға мүшелік билеттер табыс етілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25 жылдығына орай еңбегімен еленген жандарға «Ақ жол» партиясының «Еңбегім еліме» мерекелік төсбелгісі табысталды. Олардың арасында әріптесіміз, журналист, «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Жаңа медиа» бөлімінің аға тілшісі Амандық Сағынтайұлы да бар. 

Өз тілшіміз

img 20201030 wa0016
img 20201030 wa0018

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button