Емханада жаңа Call-орталық ашылды
Атырау қалалық №7 емханада пациенттер үшін арнайы байланыс орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Емханада мәселені жедел түрде шешуге арналған арнайы орталық ашылды. Аталған орталық медициналық көмектің сапасын анықтауға және бағалауға, емделушілердің өтініштерінің негізінде жұмыстарды жақсарту мақсатында, ұсыныстар енгізуге көмектеспек.
Байланыс орталығына хабарласудың маңызы – өтініш берушінің сауалдарын жедел әрі қолайлы уақытта шешпек. Өтініш берудің ең қолайлы жолы — дәл сол жерде, яғни ешқайда барудың немесе қоңырау шалудың қажеті жоқ екендігін «Жанұя денсаулық орталығы» бөлімінің меңгерушісі Мұрат Құрбанов атап өтті.
— Бұл емделушілер мен емхана қызметкерлер үшін тиімді болмақ. Жалпы орталықта мәселені тұтастай шешуге аз уақыт кетеді. Байланыс орталығы емхананың № 314 кабинетінде орналасқан, деді М.Құрбанов.
Айта кетейік, байланыс орталығының номері: 8 701 358 79 70.