Елордада атыраулық ауылшаруашылығы өнім өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр
«Нұр-Сұлтан қаласында Атырау облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысының тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының қатынасуымен астаналықтарға 20 тоннадан астам ет, 36 тонна балық және балық өнімдері, 3 тонна сүт өнімі, 1 тонна шұжық өнімі, 90 тонна көкөніс өнімі, сондай-ақ 60 000 дана жұмыртқа, 0,5 тонна нан өнімі, 0,5 тонна ет консерві, 1 тонна макарон өнімі, 0,5 тонна ұн, жалпы көлемі 152 тонна өнім әкелінді.
Өнімдер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұсынған баға мөлшеріне сәйкес сатылуда.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай өткізіліп жатқан осынау жәрмеңкеге келуші бас қаланың тұрғындары өз ризашылықтарын білдіруде.
Атырау облысы делегациясын облыс әкімінің орынбасары Кайрат Нұрлыбаев бастап келді.