
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам
Елорда Атырауға жақындай түсті
«QAZAQ AIR» әуекомпаниясы Астана – Ақтөбе – Атырау бағыты бойынша жаңа тұрақты рейс ашқанын хабарлады.
3 қыркүйектен бастап Астанадан Атырауға ұшу билетінің құны 20 055 теңге. Жолаушының екі аралыққа ұшу уақыты 1 сағат 55 минутты құрайды.
«QAZAQ AIR» әуекомпаниясының басты мақсаты – аймақтарды орталықпен байланыстырып, жолаушыларға қолайлы жағдай туғызу. Сол себепті бұдан былай Астана – Ақтөбе – Атырау бағыты бойынша қатынайтын жаңа бағыт ашылды, – деді әуекомпаниясының коммерциялық директоры Әдел Дәулетбек.
«Атырау-Ақпарат»