Еліміздің ең үздік мұғалімдері анықталды (+ФОТО)
Atr.kz/2 наурыз, 2020 жыл. Нұр-Сұлтанда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі «Үздік мұғалім – 2020» кәсіби байқауы аяқталды. Елордаға аймақтық турлар жеңімпаздары – пән мұғалімдері келді.
Зияткерлік мектептердің үздік педагогтері оқытудың жаңа стратегияларын, көшбасшылық әлеуетін, IT-ресурстары мен сыни ойлауды қолдануды, ата-аналармен және оқушылармен ынтымақтастық орнатудың табысты алгоритмдерін және өзге де жетістіктерін көрсетті.
Үй тапсырмасы ретінде әзірленген «Оқушылармен тілдесу» және «Ата-аналармен тілдесу» бейнефильмдері мұғалімнің басым дағдылары: тыңдай және ести білу, педагогикалық мәселені тұжырымдай және шеше білу, ынтымақтастық және сенім ахуалын қалыптастыра білуге бағытталды.
Әрбір қатысушы Нұр-Сұлтан қаласына «Менің педагогикалық ұстанымым» атты дербес көрмесін ала келді, сондай-ақ «Мен – тұлғамын, мен – мұғаліммін» тақырыбындағы танысқысын дайындады. Олар елордасындағы физика-математика бағытындағы мектепте ашық сабақтар өткізіп, шешендік өнер бойынша әділқазы алқаларының тапсырмасын орындады, «Педагогикалық жағдаят» рөлдік ойынына қатысты.
Қазылар алқасының төрайымы Светлана Испусинова «Жыл мұғалімі» басты кәсіби байқауының жеңімпаздары мен лауреаттарын таңғажайып жетілік деп атады.
Байқаудың бас жүлдесі Нұр-Сұлтанда қалды – халықаралық бакалавриат мектебінің химия пәні мұғалімі Динара Бейсембаева NIS жүйесіндегі 2020 жылдың үздік оқытушысы атанды.
Көкшетау НЗМ ағылшын тілі мұғалімі Камиля Рахымжанова бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынға петропавлдық Дина Құдабаева лайық деп танылды, ал үздік үштікті ақтөбелік Мират Оспанов түйіндеді.
Сонымен қатар Орал қаласынан Борис Зеленов, Өскеменнен Рүстем Қабдыкәрімов, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы мектептен Оралхан Омаров лауреат атанды.
Светлана Испусинова мұғалімдердің кәсіби деңгейінің жоғарылағанын және нәтижелерді қорытындылау кезінде ұпай айырмашылығы аз болғанын атап өтті. Қазылар алқасы құрамында Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің барлық орталықтарының өкілдері болды, олар іс жүзінде отандық білім беру жүйесіндегі басты әдістемелік институттардың бірі болып саналады, бұл конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптардың жоғары деңгейін растайды.
*Ақпарат және фотосуреттер «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ң баспасөз қызметімен ұсынылды