Еліміздің Ақпарат және коммуникация министрі брифинг барысында халыққа үндеу жасады (+ВИДЕО)
Atr.kz/28 наурыз, 2020 жыл. Ауру белгілері бірден білінбеген адам үйде отырмаса – басқалардың обалына қалады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтты.
«Италияда бір күнде 969 адам осы вирустан көз жұмды. Мұның бәрі сақтық шараларына салғырт қараудың нәтижесі. Бұл жағдай бәрімізге сабақ және ескерту болуы керек. Коронавирус әсіресе жасы үлкен адамдарға қауіпті. Олардың ішінде атамыз бен әжеміз, атамыз бен анамыз бар. Өзіміз үшін қорықпасақ та, ең болмаса сол үлкендерімізді ойлайық», — дейді ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.
Ол кейбір адамда ауру белгісі бірден білінбеуі мүмкін екенін айтты.
«Мұндай жағдайдада адам үйде отырмаса, басқаларға жұқтырғанын өзі білмей қалады. Осылайша ондаған отбасының обалына қалуы мүмкін. Осындай жағдайдан сақ болайық. Қазіргі уақытта вирусқа қатысты ең тиімді күрес – карантин режимін сақтау», — дейді ол.