
Жаңалықтар
Еліміздің 6 қаласында ауа ластануы ықтимал
Atr.kz/8 қаңтар, 2020 жыл. Бүгін Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды. Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ Атырау, Қарағанды, Петропавл, Семей және Өскемен қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады.
Қазақстанның өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.