Жаңалықтар
Еліміздегі ең ірі екі банк ақыры бірігетін болды
«Қазкоммерцбанк» өзінің бақылау пакетін «Халық банкіне» сату туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы қаржы ұйымының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды КТК арнасы.
Маңызды құжатқа үкімет, Ұлттық банк, Халық банкі, Қазком және оның негізгі акционері Кеңес Рақышев қол қойған. Осылайша тараптар қос қаржы ұйымының қосылуына алғашқы қадам жасады.