Жарнама
Жаңалықтар

Елімізде «Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсы басталды

Atr.kz/17 қыркүйек, 2019 жыл.  Биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқау жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.

 Аталмыш шараны ұйымдастырушы облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Нұрлы Әйтиеваның айтуынша, жобаның мақсаты – қайырымдылық идеяларды дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту. «Бұл – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «Хабар» агенттігі АҚ, республикалық «КТК» телеарнасы және «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің бірлескен жобасы. Қыркүйектің 2-нен 29-шы қарашаға дейін еліміздің барлық өңірінде қатысушыларды іріктеу жүреді. Ал, жеңімпаздардың есімдері Алғыс айту күні қарсаңында белгілі болмақ. Бүгінде облыста арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастады. Біздің өңірде жомарт жүректі жандар көп. Бірақ, олар жақсылықтарын жариялағысы келмейді. Десек те, былтыр байқауда өзге өңірлерге қарағанда атыраулықтар белсенділік танытты», деді  ол.

  Конкурсқа қатысушылар бес номинация бойынша марапатталмақ. Байқау салт-дәстүрмен байланысты қайырымдылық қызмет көрсететін адамдарды қолдауға арналған – «Асар», білім беру, экология және көріктендіру саласында туған өлкеге көмек көрсететін адамдарға берілетін – «Туған жер», ерікті негізде және тегін көмек көрсететін, игі істер атқаратын адамдарға арналған – «Мейірім жолында», ерлік іс жасаған, жанкештілік танытқан адамға қолдау көрсету мақсатындағы – «Батыл жүрек», бұқаралық ақпарат құралдарында қайырымдылық тақырыбын қозғап, қоғамның назарын әлеуметтік мәселеге аударып жүрген журналистер мен шығармашылық ұжымға тағайындалатын «Қайырымдылық тарихы» атты  номинациялардан тұрады.   

Бір ескерелігі, байқауға кәсіпкерлік субъектілері және қайырымдылық қызметтерді мемлекеттік қолдау арқылы жүргізетін азаматтар қатыстырылмайды. Конкурсқа қатысам деушілер өзі туралы мәліметті, болмаса жұмысын akbip2003@mail.ru электронды мекен-жайына жіберуіне немесе 36-17-22, 8 777 195 15 95 телефон нөміріне хабарласуына болады.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button