Елімізде ең белсенді волонтерлер — Атырау облысында
Қазақстанда ең белсенді волонтерлерлік қызметпен айналысатын жастар Қызылорда мен Атырау облыстарында тұрады. Бұл туралы Жастар және отбасы істері комитеті ашық талқыға шығарған 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Волонтерлік, еріктілік қызметпен айналысу туралы сауалнама нәтижелеріне сәйкес, ең белсенді волонтерлер Қызылорда (27,4%) және Атырау (12,7%) облыстарында тұрады. Жастар арасында волонтерлік сабақтарға сұраныс қалыптасып қана қоймай, сонымен бірге жинақталған практикалар де бар, олар тек волонтерлікке ғана емес, басқа салаларға да жиынтық әсер ете алады. Демек, волонтерлік жобаларды қиылысу нүктелері мен әлеуеті бар салаларда: формальды емес білім беру, ғылыми қызмет, спорт және тағы да басқа салаларда бастаған және дамытқан жөн. Бұл бағыттар гранттық қаржыландыру тақырыбы мен көлемін кеңейту қажеттігін көрсетеді», — делінген құжатта.
Сонымен қоса, аталған тұжырымдамада қазақстандықтардың 14,6% техникалық және кәсіби біліммен қамтылғаны жазылған.
Құжат 28 ақпанға дейін көпшілік талқылауда болады.