
Жаңалықтар
Елімізде екі жаңа мереке пайда болды
Үкіметтің бекітілген қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер енгізілді.
Zakon.kz сайтынының мәліметінше, 2 ақпан – Ұлттық баспа күні мен 1 қазан – Радио күні қосылды.
Айта кету керек, қаулы биыл 21 тамызда күшіне енді.
Бұған дейін Қазақстанда 23 сәуірде атап өтілетін Ұлттық кітап күні енгізілген болатын.
Асылым ЖАҢАЙ
Сурет: egemen.kz