Жаңалықтар
Елімізде алдағы тәулікте күн суытады
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағына суық, ылғалды ауа массалары келеді. Оның ықпалымен республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері.
«Кей жерлерде өткінші қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы құбылмалы болады. Өткен демалыс күндермен салыстырғанда, климаттық нормадан 1-4 градус төмен болуы ықтимал», — делінген хабарламада.