Жарнама
Жаңалықтар

Елімізде электр жарығының шекті тарифі өзгеруі мүмкін

Қазақстандық 36 электр энергиясын өндіруші ұйым Энергетика министрлігіне 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті түзетуге қатысты өтінім берді, — деп хабарлады kaz.inform.kz.

Электр энергиясын өндіруші ұйымдардың мәліметтері бойынша тарифке түзету енгізудің қажеттілігі компаниялардың шығындарының өсуімен байланысты.

Шығындардың өсуінің негізгі факторлары: Өндірістік персоналдың жалақысын көтеру.

2024 жылы орташа жалақы 18%-ға артып, 425 мың теңгені құрады. Биыл тағы 15-20%-ға өсіру жоспарлануда, осылайша орташа жалақыны 490 мың теңгеге дейін көтеру күтілуде.

Министрліктен хабарлағандай, энергетика секторы білікті кадрға тапшы. Энергетика кәсіпорындарында штат саны шамамен 57 мың адам болған кезде 4,5 мың маман жетіспейді. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметкерлердің нақты саны 52,5 мың адамды құрады. Жалақыны көтеру саладағы мамандарды тартуға және ұстауға бағытталған.

Сонымен қатар, отын сатып алу және көмір мен газды тасымалдау шығындары артты. Сондай-ақ, тарифті түзетуге ықпал ететін факторлардың бірі жөндеу науқанын жүргізу және энергия өндіруші объектілердің, оның ішінде металдың қымбаттауына байланысты объектілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті материалдар мен жабдықтарды сатып алу және тасымалдау құнының өсуі.

Сондай-ақ, жаңа үш энергия өндіруші ұйым энергия өндіруші ұйымдардың тізіміне қосылу бойынша өтінім берді, олар үшін шекті тарифтерді белгілеу қажеттігі бар.

— Алдын ала есептеулер бойынша бірыңғай сатып алушы үшін электр энергиясының құнына тарифтерді түзетудің әсері кВт/сағ үшін шамамен 2 теңгені құрайтынын көрсетеді. Қазір энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдері қаралып жатыр. Барлық ұсыныс тұтынушылардың мүддесі мен саланың тұрақты даму қажеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін мұқият талданады, — делінген Энергетика министрінің бұйрық жобасында.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды және 22 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Өткен жылдың аяғында Үкімет басшысының орынбасары елімізде электр энергиясына тарифтің өсуіне пікір білдірген еді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button