Жарнама
Жаңалықтар

“Елдікке еңбек еткен”  

Атыраудың ардақты перзенті, қазақтың қатепті қара нары атанған аяулы азаматтарының бірі, көрнекті Мемлекет қайраткері, белгілі мұнайшы Нұрлан Өтепұлы Балғымбаевтың  туғанына биыл — 75 жыл. 

5c793621 5b24 45fe 8095 6e70a18535c3

Кеше, оның есімімен аталатын коммуникациялық орталықта өткен шара “Елдікке еңбек еткен” деп аталды.  

-Тәуелсіздік жылдарында қуатты реформаларды іске асырып, инвесторлармен табысты серіктестік құрудағы Нұрлан Өтепұлының еңбегі халыққа белгілі. Мемлекеттік басқару мен экономикадағы ірі қайраткер ретінде өзінің барлық білімі мен тәжірибесін Қазақстанның өркендеуіне арнады.

bafe56f8 f189 438c ae41 030330fa39b9

Атырау мұнай және газ университеті талантты білімгерлерге осындай өнегелі тұлғалардың атындағы стипендияны тағайындауды дәстүрге айналдырып келеді. Биыл үшінші жыл қатарынан біздің студенттеріміз Нұрлан Балғымбаев атындағы қордың қолдауымен арнайы стипендияға ие болып отыр. Бұл – стипендия иегері атанған әр студент үшін мақтаныш және үлкен жауапкершілік!-деді жиында сөз алған Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова. 

71a88f74 2df5 43d7 92d5 79f77b81bed2

Сондай-ақ, шара барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсембай Тұрғанов, қазақ классикалық музыка өнерінің белгілі тұлғалары Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаева тілектерін арнады.  

— Қандай қиын кезең болса да, Нұрекең адамгершілігінен аттамады. Оның мұнай кәсіпшілігінен бөлек Атырак футбол командасын қүруда еңбегі орасан зор болды. Өнегелі тұлғаның ғибратты ғұмырын кейінгі ұрпаққа жеткізу — мақсатымыз,-дейді халық қалаулысы. 

Айбөпе Сабырова

Фото: Ерлан Алтыбаев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button