Жарнама
Жаңалықтар

ЕЛДІҢ КӨЛIКТIК-ТРАНЗИТТIК СТРАТЕГИЯСЫ

«Елiмiздiң көлiктiк-транзиттiк стратегиясының басты мақсаты – Қазақстанды Еуразияның қуатты транзиттiк хабына айналдыру. Зерттеулер бойынша, 2020 жылға қарай Қытай мен Еуропа арасындағы сауда айналымы 800 млрд. доллардан 1 трлн. долларға дейiн жетуi ықтимал. Бiздiң мiндетiмiз осы жүктердiң негiзгi бөлiгiнiң, бiздiң ұлттық мүдделерiмiзге пайдалы болатын үлесiнiң Қазақстан аумағы арқылы тасымалдануын қамтамасыз ету», — дейдi ол. 

Оның сөзiне қарағанда, 2020 жылы Еуропа мен Қытай арасындағы сауда тауарларының 10 пайызы автомобиль және темiр жол магистральдары арқылы транзиттелмек. Қазiргi оның үлесi тек 1-2 пайыз шамасында. 

«Сондықтан бiз Қытаймен құрлықтық көлiктiк дәлiздердi салуға мүдделiмiз. ҚХР мен Еуроодақ арасындағы жүк тасымалы 117 млн. тоннадан 170 млн. тоннаға дейiн артпақ. Қазақстан 2020 жылы трансқазақстандық бағытқа шамамен оның 10 млн. тоннасын тартуды жоспарлауда. Осы мақсатта көлiктiк-транзиттiк жүйенiң дамуына 40 млрд. доллар капитал тартылады», — деп атап өттi Е. Карин. 

Өз тілшіміз.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button