Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Елдің денсаулығына алаңдайтын…

Асыл жар, ардақты әке, немере-жиендерінің сүйікті атасы, бүкіл ағайын-туманың жанашыры, жүрегі  таза, көңілі күн нұрындай шуақты, жаны пәк, рухани тазалықты сүйетін Ғалым Сапиұлы 75 жасқа толуына 2 ай 20 күн қалған шағында дүниеден өтті, біз үшін орны толмас ауыр қайғы әкелді. Өкінішті! Тірі болса 75 жасын өзі айтқандай, ағайын-тумамен бірге тойлар едік?! Әттең, дүние-ай…

Елд¦__ денсаулы__ына ала__дайтын

Ол – асыл жан, қарапайымдылық пен ізеттіліктің, парасаттылық пен еңбекқорлықтың үлгісін таныта білген әулеттің ардақтысы, бүкіл саналы ғұмырын денсаулық сақтау ісіне арнаған азамат.

Хасанов Ғалым Сапиұлы 1942 жылы 9 мамырда Забурын ауыл советі, «Қара батыр» колхозының Жұмат округінде дүниеге келген. 1949 жылы Забурын селосындағы Куйбышев орта мектебінің бірінші сыныбына оқуға барып,1959 жылы жоғарыда аталған мектептен оныншы сыныпты бітірген. 1959 жылы Алматы медицина институтына түсуге талап білдіргенімен, конкурстан  өте алмаған. Сол жылы Батыс Қазақстан геологиялық барлау мекемесінде қызмет жасап, 1960 жылы Гурьев медицина училищесіне оқуға түсіп, 1963 жылы аталған училищенің фельдшерлік бөлімін  тәмамдаған.  Оқуын бітірген жылы наурыз айынан бастап Забурын селолық ауруханасында қызмет істеді.

Аталмыш жылдың маусым айынан бастап Махамбет аудандық ауруханасының бас дәрігерінің нұсқауы бойынша Махамбет аудандық жедел-жәрдем бөлімшесіне фельдшерлік қызметке орналасты. Содан бастап 1996 жылдың маусым айына дейін Махамбет аудандық ауруханасында өз мамандығы бойынша қызмет атқарды. Ал, 1996 жылдың шілде айынан бастап жанұялық жағдайына байланысты Атырау қалалық жедел-жәрдем  стансасына фельдшерлік қызметке ауысты. Осы жылдан 2012 жылдың қараша айына дейін жедел-жәрдем стансасында аға диспетчер статистік қызметтерін атқарды. Еңбек еткен кездерінде көптеген марапат иесі болды. «В.И.Лениннің 100 жылдығы» медалімен, 1976 жылы «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісімен, 1990 жылы «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, 2002 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және көптеген комсомол, аудандық, облыстық кәсіподақтар ұйымдарының «Мақтау граммотасымен» марапатталған.

Денсаулық сақтау саласының қай мекемесінде еңбек етсе де, Ғалым бар білімі мен біліктілігін барынша адал атқарды. Өз ортасының «Ғалым Хасановичпен ақылдасайықшы» дегендей мақтанышы мен абыройы болды.

Сонымен қатар, Ғалым Сапиұлы өнегелі отбасы, әулетіміздің қамқор ақылшысы еді. Аға-жеңгесінің көзіндей болған Идеят пен Ғинаятын туған баласындай қамқорлап, бар көмегін, жүрек жылуын бір сәт те аяған жоқ.

Немерелері Индира мен Марданды, Ерланды, Жамбылды, Аяулымды, кіндік баласы Асылханды жанындай  сүйіп, еркелетті. Отбасына, ағайын-тумаға, барлық жамағатқа деген мейірбандығы мен әрдайым қамқоршы бола білетін адами да кісілік келбеті «Ғалым азаматымды» білетіндердің  жүрегінен мәңгі өшпейтініне сенімдімін.

Өз елінің адал да парасатты, жаны таза, рухы биік  перзентінің өшпес бейнесі мәңгі есте сақталғай!

Жатқан жері жайлы, топырағың торқа, жаны жәннатта, иманы серік болғай!

 Меңсұлу ДӘНЕКЕРОВА,

Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button