
Жаңалықтар
Елді дүрліктірген нөсер
ТАИЛАНД. Соңғы алты күнде су тасқыны салдарынан он бір адам көз жұмды.
Нөсерден екі мыңға жуық елді мекен су астында қалған. Судың тереңдігі 50 сантиметрден 3 метрге дейін жетеді.
Ең көп қауіп төнген Накхон Ситхаммарат, Сонгкла, Сурат Тхани, Чумпхон, Краби, Транг, Пхаттхалунг, Ялла, Наративат және Паттани жерлерінен Таиланд үкіметі халықты эвакуациялап жатыр.
Өз тілшіміз.