Жаңалықтар
Елдегі ең жоғары жалақы — Атырауда
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша еліміздегі мұнай өндіру саласы қызметкерлерінің 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы орташа айлық еңбек ақысы 1 476 869 теңгені құраған.
Бірақ мұның өзі де республикамыздағы ең жоғары жалақы емес екен. Статистикалық деректерге сүйенсек, темекі өнімдерін өндіруші сала қызметкерлерінің алғашқы тоқсандағы орташа есеппен алғандағы айлық еңбек ақысының көлемі 1 646 590 теңгеге тұрақтапты.
Ал, Қазақстанның өңірлері арасында ең көп жалақы алатындар атыраулықтар болып шықты. Жылдың алғашқы үш айының қорытындысымен Атырау облысындағы орташа жалақының мөлшері 604 052 теңгеге жеткен.
Дәулетқали АРУЕВ