«ЕЛДЕ ҒЫЛЫМ РЕФОРМАСЫНЫҢ ДӘУІРІ БАСТАЛАДЫ»

screenshot 16 6 Жаңалықтар

Философия ғылымдарының докторы Өмірбек Бекежан сайлаудың күтілетін нәтижелері туралы пікірімен бөлісті:

– Еліміздің ғылыми саласында, жоғары оқу орындарында реформалар басталғаны баршаға аян. Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрылуы осының айғағы.

Шындығы сол, қазіргі уақытта мемлекеттің табыстылығы оның ғылыми ортадағы, білім берудегі бәсекеге қабілеттілігімен, халықаралық нарықтағы жоғары білімнің өтімділігімен анықталады.

Ғалым ретінде ғылымға мемлекеттік қолдау, гранттар, басқа да түрлі салалардағы ғылыми жобаларға, әсіресе жас ғалымдарға қаржылық көмектер көбейеді деп күтемін. Қазіргі геосаяси жағдайдың өзі ғылымды дамытып, қолдамаса, ел өмірінің барлық саласында өсім күту қиын екенін көрсетіп отыр.

Қаршыға КӨШЕКОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз