Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Елбасы Н.Назарбаев: «25-30 жастағы мамандарға жол беру керек»

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, технологиялық жаңғыртуды ойдағыдай атқару үшін адам капиталын дамыту қажет. Кәсіби мамандарды тірнектеп жүріп жинау керек. Онсыз алға қойылған мақсаттарды іске асыру мүмкін емес,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1

«Бізде білім саласы да, ғылым саласы да индустрияландыру мақсаттарына сай болуы қажет. Кәсіби әрі білікті мамандар болмаса, ешқандай индустрияландыру да, цифрландыру да болмайды. Ал ондай мамандарды тірнектеп жүріп жинап, нақты мақсаттарға жұмылдыру керек. Олардың ойлап тапқан технологияларын қолданысқа енгізген жөн. «Болашақ» бағдарламасы да, Назарбаев университеті де, жалпы барлық университеттер соған жұмыс істеуі керек. Зияткерлік мектептер дарынды балаларды іріктеп жатыр. Негізі, қазір жұмысты 25-30 жастағы азаматтарға беру керек. Одан қорқатын ештеңе жоқ. Бәрімізді алға жетелейтін солар. Кедергі жасамай, оларға жол беру керек»,-деді Президент бүгін жалпыұлттық телекөпір кезінде.

Мемлекет басшысы «100 жаңа есім» жобасын да еске алып, дарынды жастарды қолдау мәселесіне тоқталды.

«Жақында мен «100 жаңа есім» жобасына кірген азаматтармен кездестім. Онда мен мүлдем басқа адамдарды көрдім, олар заман талабына сай ойлайды, көзқарасы да басқаша. 18-20 жастағы балалар ойға келмейтін нәрселерді жасап жүр. Мысалы, бір жігіт университет жертөлесінде отырып, арнайы розетканы ойлап тапты. Соның арқасында энергияның 30 пайызын үнемдеуге болады. Шетелде оны бірден байқайтын еді»,-деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Елбасы шетелдегі қаржыны қайтаруға қатысты арнайы заңнаманы да әзірлеуді тапсырды. Аталған міндет Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді.

Айқара Ғұмар

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button