Ертең елімізде аптап ыстық күтілуде

200601161056549e Жаңалықтар

Аtr.kz/1 маусым, 2020 жыл. Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ертең күндіз Атырау қаласында 35-37 аптап ыстық болады. Сол сияқты, 2 маусым күні күндіз Атырау облысының кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық болады.

Сондай-ақ, 2 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ертең күндіз Көкшетау қаласын да найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Жел жылдамдығы – 15-20 м/с.

Ертең Нұр-Сұлтан қаласын да күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, жел қарқыны – 15-18 м/с.

2 маусымда күндіз Қызылорда облысында 44 градус аптап ыстық болады.

2 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.

Солтүстік-батыстан сощққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

2-4 маусым күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде және облыс орталығында 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз