Қоғам

Атырауда қауіпті ойыншықтар сатылуда

Атырауда мамандар ойыншықтардың сапасына тексеріс жүргізді.

Атырауда жауапты мамандармен көтерме және бөлшек сауда нысандарынан 56 ойыншық өніміне сынама алынып, зертханалық зеттеу жүргізілді, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Санитариялық-эпидемиологиялық дәрігерлер балаларға арналған ойыншықтар мен басқа да тауарларды сатып алу кезінде таңбалануына ерекше назар аудару қажеттігін ескертеді. Тұтынушыға жеткізілуі керек негізгі ақпарат қаптамада көрсетілген. Атап айтқанда, өндіруші туралы мәліметтер мен өнім дайыналған материалдың құрамы, сондай-ақ жас шектеулері жазылады.

– Жалпы ойыншықтарды таңдар алдында, дүкендерден кездейсоқ сатып алудың қажеті жоқ. Мұндай жерлерде олар өнімге сапа сертификатын бере алмайды. Ойыншықтарды сатып алу кезінде бұл бастысы. Өйткені, сапасыз өнімдер денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Айталық, қорғасын қосылған бояумен боялған ойыншықтың кішкентай дозасы өлімге әкеп соғуы мүмкін. Қорғасын анемияның дамуына, иммунитеттің төмендеуіне, метаболизмнің бұзылуына, өсудің баяулауына ықпал етіп, орталық жүйке жүйесінің қайтымсыз зақымдалуына, ақыл-ойдың дамуының тоқтауына әкеледі. Осы орайда соңғы тексерісте 56 ойыншықтың 38-де сәйкессіздік орын алып отыр, деді Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Фариза Мерекеқызы.

Бөлім басшысы ойыншық таңдарда иістің, ақаулардың немесе бояудың сыдырылуына және басқа да көріністеріне назар аудару керектігін атап өтті. Оның айтуынша, ойыншықтар негізінен Қытайдан, сонымен қатар Ресей, Белорусь, Өзбекстан мемлекеттерінен келеді.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button