Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Елбасы қандай заңдарға қол қойды?

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше заңға қол қойды, — деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
photo_53286
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осы келісім Қазақстан мен Тәжікстан азаматтарының тараптардың аумағында 30 күнге дейінгі мерзімге міндетті тіркеусіз болу мерзімін белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өткеннен кейін міндетті тіркеусіз 90 күнге дейін Тараптардың аумағында болуға бағытталған.
Елбасы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойд. Президент «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button