Жарнама
Жаңалықтар

«Елбасы Тәуелсіз Қазақ елінің маңдайына біткен біртуар тұлға» дейді Ассамблея ардагері Жанат Асабаева

Atr.kz/25 наурыз, 2019 жыл. «Әлеумет плюс» үкіметтік ұйымының жетекшісі Жанат Асабаева Бас қаланың Нұр — Сұлтан атауына өзгертілуі дер кезінде қабылданған шешім деп есептейді.

IMG 20190325 WA0003
Жанат Асабаева

Бұл туралы спикер қазіргі уақытта Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде өтіп жатқан мерекелік концерт кезінде Atr.kz-ге берген сұхбатында айтты. «Айтыңызшы, бұрын Астана қандай еді? Тәй-тәй басқаннан бастап, оның жас қаладан бас қалаға айналуына үлес қосқан тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев болатын.

Сондықтан, бүгінде әлемнің озық елдерінің астаналарынан асып түспесе кем түспейтін Елордамыздың атауына оның есімін беру дәл уақытында қабылданған шешім.  Мұндай жағымды жаңалық Ұлыстың ұлы мерекесінің мерейін өсіріп, мәртебесін тасытты. Біздің астанамыз енді Нұр-Сұлтан. Бұл біздің мақтанышымыз. Тәуелсіз Қазақ елінің маңдайына біткен біртуар тұлға. Елдегі татулық пен бірлікті, ең басты құндылығымыз — тыныштықты сақтаған Ұлт Көшбасшысына мың алғыс» деді спикер.

1 1 3

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде мерекелік концерт өтуде. Бас қаламыздың атауының өзгеру құрметіне өтіп жатқан салтанатты концертті Нұр Отан партиясы Атырау облыстық филиалы өткізуде. Айбөпе Сабырова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button