Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Елбасы өзіне президенттік сайлауға қайтадан түсуге ұсыныстар жасалып жатқанын айтты

Аtr.kz/23 сәуір, 2019 жыл. ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына өз алғысын жеткізді.

«Менің президенттік өкілеттілігімді тоқтатуға қатысты үндеуім қазақстандықтар үшін күтпеген шешім болды. Кейбір адамдар бұл мәлімдемемді өкінішпен қарсы алды. Тіпті, маған түскен хаттардың ішінде президенттік сайлауға қайтадан түсуге ұсыныс жасап жатыр. Мен барлығына алғыс айтамын. Осы қобалжудың саяси астарын да түсініп отырмын. Адамдар болашақ үшін алаңдайды. Тұрақтылық пен тыныштықты қалайды. Ұлтаралық келісімнің сақталғанын тілейді. Халыққа ізгі ниеті үшін, махаббаты үшін, құрметі үшін басымды иіп, зор ризашылығымды білдіремін», — деді Н.Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезінде.

Елбасы президенттік өкілеттігін тоқтатқанда дұрыс шешім жасағанына тағы бір мәрте тоқталды. Осы орайда, Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының атынан президенттік сайлауға түсетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа толығымен сенетінін жеткізді. «Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барлық қазақстандықтардың тең құқықтары мен өзара достық саясатын сақтайтын адам екенін сенімді түрде айта аламын», — деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Елбасы «Nur Otan» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кандидатын қолдауға қатысты тапсырмалар берді.  

Дереккөз: «Қаз Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button