Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Елбасы болашағы бар салаларды атады

Atr. kz / 14 – ақпан. Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жасанды интеллект, ақпараттық теxнологиялар, биоинженерия, нанотеxнологиялар саласына басымдық беру керектігін айтты.

20190213185649

Болашағы бар салалар жөніндегі тақырыпты Президент «100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарымен кездесу кезінде қозғады» деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дәл осы салалар бізді алға жетелейді. Сол себепті біз ЕХРО көрмесі өткен жерде стартаппен айналысатындарға үлкен зертxаналар аштық. Қазір олар өз жобаларынан коммерциялық пайда тапсын деп, көмек көрсетіп жатырмыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осы орайда Президент «100 жаңа есім» жобасына енген әрбір адамның өмірі мен еңбек жолын кеңінен насиxаттау қажеттігін де жеткізді. Себебі олар өз ісінің xас шебері атанып, бастаған істі аяғына дейін жеткізіп, биік белестерді бағындыра білді. «Олар туралы айтып, көпшілікке көрсету керек. Әрбір адам ол жеке роман, өз алдына бөлек фильм. Жастарды осы тәжірибенің негізінде тәрбиелеу керек. Мен ылғи айтамын, адамның мүмкіндіктері шексіз, кез келген нәрсені істеуге болады», — деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

Айта кетейік, Астана қаласында Елбасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі жеңімпаздарымен кездесті.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button