
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Ел бойынша 1232: Атырауда тағы 6 адамнан коронавирус анықталды
Аtr.kz/14 сәуір, 2020 жыл. Қазақстандағы 23:20 сағаттағы ақпарат бойынша, елде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 33 адам тіркелді.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласынан – 14, Алматы қаласынан – 8, Батыс Қазақстан облысынан – 1, Павлодар облысынан – 1, Атырау облысынан – 6, Қызылорда облысынан – 2, Ақтөбе облысынан – 1 адам инфекциондық стационарға жатқызылып отыр.
Қазіргі таңда Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 69 адамға жетті. Ел бойынша 1232 науқас ем алуда.